2020 жылдың 24 қыркүйегінде Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Мичурин орта мектебі" мемлекеттік мекемесінде "Онлайн мектепті" қолдану бойынша мұғалімдерге арналған семинар өткізілді. Оқу жылының алғашқы аптасынан бастап мектепте қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану бойынша мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде мұғалімдердің платформаны қолану бойынша көптеген сұрақтары туындағандығы анықталды. Мониторингке сүйене отырып мектеп әкімшілігі дер кезінде мұғалімдер үшін оқытушы семинарды ұйымдастыруды жөн көрді. Мұғалімдер үшін семинар коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермес үшін, екі лекпен екі түрлі уақытта барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.Семинар барысында мұғалімдерге көрнекі түрде күтізбелік-тақырыптық жоспарды, сабақ кестесін құруды, бейнеконференция арқылы оқушылармен байланысқа шығуды және чат арқылы тапсырмаларды орындау жұмыстары көрсетілді. Аталмыш платформаның кең ауқымды функциясы болып табылатын сабақ конструкторларын құру, қалыптастырушы бағалауды жасау, үй жұмысын беру, орындалған тапсырмаларға мониторинг жүргізу, сынып журналдары сияқты жұмыс түрлері көрсетілді. Мектеп әкімшілігі мұғалімдердің қойған барлық сұрақтарына толыққанды жауап беріп, "Онлайн мектеп" платформасын қолдану бойынша олардың АКТ сауаттылық деңгейін көтерді!
С начала учебного года в ГУ "Мичуринская средняя школа" отдела образования акимата Костанайского района проводится мониторинг работы педагогов в платформе "Онлайн-мектеп". В результате данного мониторинга выявелись небольшие затруднения у некоторых педагогов. Поэтому администрация школы с целью оказания методической помощи приняла решение провести обучающий семинар. Он проводился в 2 потока с соблюдением всех санитарных мер по недопущению распространения коронавирусной инфекции. В ходе семинара педагогам наглядно продемонстрировали процедуру составления расписания и календарно-тематического планирования, организацию работы с учениками через видеоконференцию, чат и выполнение заданий. Был представлен широкий функционал данной платформы, в который также входит конструктор уроков, создание домашнего задания и формативного оценивания, классный журнал и мониторинг выполненных заданий. Администрация школы дала исчерпывающие ответы на все вопросы педагогов, таким образом подняв на должный уровень ИКТ компетентность педагогов по работе на платформе "Онлайн-мектеп"! |