Воскресенье, 20.07.2025, 00:23
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Категории раздела
Новости [37]
Новости сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Файлы » Новости сайта » Новости

Дәстүр мен ғұрып
29.09.2020, 07:42

Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесінде. Ұлттық рухымызды асқақтатып, әдет-ғұрып пен салтымызды сақтауымыз қажет. Рухани Жаңғыру бағдарламасының аясында " Дәстүр мен ғұрып" арнайы жобасының арқасында біз ұмытылып бара жатқан дәстүрлерімізді қайта жаңғыртудамыз.

Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан салт – дәстүрлері

Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүрген болса кейбірі ұмыт қалып барады. Әсіресе жастарымыз біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз жетерлік. Ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпейді.

Сыралғы . Қазақта аң аулау – үлкен мереке болған. Бірақ аң аулаудың қанша қызығына түскенмен, ерекше белгілері байқалған аңдарды атпаған. Әсіресе, мола басына жақын жерде жүрген жан-жануарларға тиіспеген. Өйткені әр аңның киесінен қорыққан. Ал қанжығаларын майлап, аң аулаудан қайтқан аңшы өзіне "Майлансын" деп айтқан адамға ойланбастан атып алған аңын сыйға тартқан. Аңшының сыйын "сыралғы" деп атаған. Ал қақпанға түскен аңды алу ұрлыққа жатпаған. Бірақ орнына бір зат қалдырып кету керек екен.

Қазақ салт-дәстүрін зертеушілер ұмыт болған салттардың қолданысқа қайта енуі екіталай дейді. Сондықтан сақталып қалған дәстүрді жоғалтып алмай, оны алдымен мектеп оқушыларына оқытып, бойларына сіңіру қажет.

Деңгене. Қазақта сайыс ретінде ұйымдастырылатын салт-дәстүрлерді де кездестіруге болады. Солардың бірі – "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" кітабында көрсетілген "деңгене" дәстүрі.

Көрші ауылдан келген үш-төрт жігіт алдымен түсетін үйін сайлап алып, сол үйдің жанына барып "Деңгене! Деңгене жеуге келдік" деп айғайлайды. Ал үй иесі бұл сөзді естіген соң, семіз бір қойды сойып, етін түгел қазанға салдыртады. Деңгене дәстүрі бойынша келген жігіттер сол қойдың етін түгелімен жеп, сорпасын ішулері керек. Егер тауысып жемесе, бір қойды екі қой қылып қайтаруға мәжбүр болған.

Шөміш қағу. Көктемде сәуір айының бас кезінде көкжиекті бұлт торлап, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Осы кезде ата-бабаларымыз «күн күркіреді, көк дүрілдеді» деп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Осы алғашқы күн күркіреген кезде киіз үйдің босағасына, табалдырығына ағаш шөмішті тигізіп:

Айран, сүт көп болсын,

Жақсылық көп болсын,

Жабырқау жоқ болсын.

Ел-жұрт тоқ болсын, – деп тілеу тілеп, көктемнің алғашқы найзағайлы күркірек жаңбырын қарсы алады. Осыны шөміш қағу деп атайды.

Сыралғы – дәстүр. Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдан кездескенде сұралатын жол сыралғы деп аталады. Аңшылар сыралғының сөзін жерге тастамайды.

Тоқым қағар. Қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде. Алыс жолға кеткен жігіт аман-есен келсін, тоқымы жерде қалмасын деген жақсы тілек білдіруге байланысты берген. Тоқым қағуға арнайы қой немесе қозы сойылады, болмаса қазы-қарта асылады.

Қап қағар –қыс аяқталып, көктем басталғанда ет сүрленіп, азая бастайды. Ол ет қапта болады. Сол кезде ет асылып, аздап адам шақырылады. Бұл дәстүр “ ет қайтар” деген ұғымды білдіреді, ал қаптың ең соңғысын асып, бөліп жейді.

Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

Ат тергеу. Қазақтарда әйелдер күйеулерінің туысқандарын атымен атамайды. Оның ағаларына, әпкелеріне еркелету атауларын ойлап табуы керек. Келін жаңа туысқандарын «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым» деп атайды.

Бәсіре. Баланың дүниеге келуі малдың төлдеуімен сәйкес келгенде, балаға жаңа туған құлын, қозы немесе лақ сыйлаған. Бұл оның кішкентайдың бірінші заңды меншігі болып саналатын. «Бәсіре» ешқандай жағдайда сатылмаған.

Тізе бүгу. «Тізе бүгу» — тізені бүгіп отыру. Егер адам біреудің үйіне келсе, ол міндетті түрде тізесін бүгіп отыруы керек, әйтпесе үй иісінің ренжітіп алуы мүмкін.

Бел көтерер. «Бел көтерер» — қарт адамдарға дәм беру. Олар ерекше қарауды талап етеді. Олар үшін тәттілер, қазы, сары май, жент, қымыз, ірімшік, бал және т. б. Оны жақын көршілері, балалар апарады.

Өңір салу. «Өңір салу» қазақ халқының тойдан кейінгі салт - дәстүрлеріне жатады. Дәстүрді үлкен жастағы әйелдер орындайды. Олар келінге «шашу» шашып, оған өз сыйлықтарын табыс етеді. Әдетте «Өңір» бұл — киім және тұрмыстық заттар.

Үлпершек. Үлпершек — әкелері өз қыздарына сарқыт ретінде беріп жіберетін тағам. Бұл ата - аналар қызын жақсы көреді және оны қонаққа күтеді дегенді білдіреді. Оны жылқының жүрегінен дайындап, ұн салынған қапқа салып, бір айға қалдырады. Осыдан кейін оны дайындауға болады.

Ажырасу көже. Бұл көшу алдында дастархан жаю дегенді білдіреді. Осылайша адамдар туғандары мен көршілерімен қоштасады. Өйткені үнсіз көшіп кету тәрбиесіздіктің көрінісі.

Аунату. Қазақтар қонақ отырған және түнеген жерге өз балаларын отырғызған. Сенім бойынша балаға бұл адамның дарындылық генінің бөлігі өтеді. Сонымен қатар «туған жерге аунату» дәстүрі де бар. Бұл — туған жерінен ұзақ уақыт бойы алыс тұрған адам отанына оралғаннан кейін жерге жататын дәстүр

Көгентүп. Қазақтар алыс туыстарына қонаққа барған кезде, олар өздерімен бірге баласын алып, сәби алғаш рет болған әрбір үйде, осы айтулы оқиғаның құрметіне оған үй иелері мал атайтын. Бала үшін мұндай сыйлық үлкен қуаныш үшін себеп болды, ал оның ата - аналары үшін оларға ерекше құрмет көрсету дегенді білдіретін.

Үме. Үлкен, ауыр көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары«бір жеңнен қол шығарып«бас қосып,көпшілік болып,бірігіп атқарады.Соның бірі-үме. Әсірісе,қасқы мал азығы үшін шем-жөп дайындағанда, мал иесі жігіттерді үмеге шақырады.Үме –ұжымдасқан еңбек тойы.

Бие қысырамас.(ырым). Жаңа түскен келіннің беті ашылғаннан кеиін енесі келіп, келіннің бетінен тағы сүйіп, жақсы тілек тілеп, сол жерде отырған әйелдердің ортасына «биелерің қысыр қалмасын» деп ақ мата тастайды. Бұл «бие қысырамас» деген кәде. Әйелдер бұл матаны жыртып, бөліп алып үйлеріндегі сабаның аузына «бием қысыр қалмасын, біссімілда» деп байлайды. Бұл кәде бәріне де жетуі керек. Жетпей қалғандардың өкпелеуге хақы жоқ. Соңғы жылдары халқымыздың мал шаруашылығынан қол үзе бастауына сәйкес бұл ырым ұмытылып бара жатыр.

Ұлы батырымыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, «халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз». Халық-қалың орман,әрі пана,әрі қорған", - деп Қ.Мырзалиев ағамыз жырлағандай, әр халықтың өзінің кәсібіне,сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын салт-дәстүрі болады. Халықтық салт – дәстүр, мәдениет құндылығы – халық қазынасының озығын, ақылды да әдепті жан – жақты жетілген патриоттық сезімдегі азамат тәрбиелеуде пайдалансақ, қателеспейміз. Жан – жақты ел тарихын білетін, Отанын сүйетін, заман талабына сай оқушылар мен жастарды тәрбиелеу бүгінгі күн талабы.

Қостанай ауданы

Мичурин ОМ

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі

Баймуханова Г.А.

Категория: Новости | Добавил: Romario
Просмотров: 153 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar