Суббота, 19.07.2025, 15:45
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Категории раздела
Новости [37]
Новости сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 38
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Файлы » Новости сайта » Новости

"Абай – дана, Абай –дара қазақта!"
20.02.2020, 13:33

 

"Абай – дана, Абай –дара қазақта!"
Бір халықтан емес, тілегі бір, мүддесі бір туысқан сан халықтан сомдалған , тек бүгінгі сәулетті өмірде ғана- өткендегі мен қазіргінің, қазіргі мен болашақтың рухани мұраларына, сол мұралардың өшпес жұлдыздары Пушкин,  Науаи, Абай сындас  тарихи қайраткерлеріне бірден бір әділ де адал бағасын беріп отыр.
Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп естіледі, ол -леп  өткен заманның кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да , бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай ата лебі, Абай ата үні, Абай ата тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін   ол үн біздің де үнімізге қосылып, жаңа өріс алып тұр.
          Кешегі сағымша өткен бұлдыр заманның буалдыр желегін түріп тастап, дәл өзімізбен  бірге тілдесіп, болашаққа қадам басып Абай ата да сапта тұр. Біздің көп тілді, бір үнді даусымыздың ішінде  Абайдың да даусы, тамаша үні естілгендей.  Бұл Абайдың жаңа өмірі , жаңа өмір дәуірінің  басталуы, ол бізбен де , біздің ұрпақтарымызбен де берік қол ұстасып болашаққа , бақытқа толы ұлы заманға қадам басады, оған күмән жоқ. 
           Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
          Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп, төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де,  жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.
        Мыңдаған қазақ, орыс , басқа да ұлттың жастары байтақ өмірде Абайдың тамаша әндерін теледидардан, сахнада, кең жайлауда мал шетінде , ұлы құрылыстың іргетасында шырқатып салады, жүрек қылын шерткен тамылжыған өлеңдерін тамсана оқиды.   Бұл тек әсем әнге еліктеу ғана немесе  әсем сөзге сүйсіну ғана емес.
         Ұлы ақынның баға жетпес мол мұрасы туған халқы үшін сан рет басылса да сарқылмайды. Оған себеп-   туған елін, өскен жерін Абай қаншама сүйсе, қаншама оның оты мен суына түсіп, күңіреніп, тебіренген болса,  бүгін елі де оны соншама құрметтеп, әлпештеп  сүйіп отыр.  Біз мақтануымызға  да болады, өйткені  Абай өзінің заманы мен замандасынан көрмеген сый-құрметті, бізден өзі баулыған   ұрпағынан көрді, көзі тірісінде жетпеген арманына енді жетті. Абай мұрасы ұрпақтан –ұрпаққа, ғасырдан ғасырға өтпек, ол басылған сайын жаңа қырланған алмаздай нұрланып, жарқырап, жасарып, нұр төге бермек.
              Табиғаттың көркін ендіретін орман  көктем сайын жасарып, шешек атып  әлемге шырай беріп тұрмай ма! Сусыз жерге, ауасыз жерге орман өсе ме, олар жоқ жерде орман да жоқ, гүл де жоқ, семіп,кеуіп, қурап қалмақ.
             Сол сияқты Абайдың поэзиясын суарып, жасартып тұратын ауа мен нәрлі бұлақ -туған халқы. Өлеңдері басылған сайын  Абай да көктемгі ормандай жасара бермек.  Ал халық бар жерде, оның адал перзенттері де мәңгі жасамақ. Міне, Абайдың өзі  көзден таса болса да, сөзі көңілге ыстық көрінетіні содан. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған аманаты осы асыл сөздері. Біз оны ардақтаймыз да мәпелейміз.  
    Мен қазақпын дейтін әрбір адамның жүрегінің түкпірінде Абайға деген бір жылы сезім жататыны мәлім. Оның терең мағыналы өлеңдері мен әндерін, қара сөздері мен дастандарын оқып, жаттап, айтып өскен әрбір адам Абай десе елең ете қалары сөзсіз.
Абайдың зиялылық шығармашылығы оның педагогикалық көзқарасымен ажырамас бірлікте. Абай адам баласының тіршілігіндегі тәлім мен тәрбиеге ерекше мән беріп, өмірінің ақырына дейін ағартушылық міндетін терең сезінген. Мәселен,
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай, баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,» - дей келіп, адам мінезіне жақсы да жаман әсер ететін сипаттарды тарата жіктеп, даралап түсіндіріп береді. Жас ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесін жан-жақты жырлап, адамзат баласының ең асыл қасиеті білім-ғылымға ұмтылу деп бағалайды. Ғылым-білімге талпыныс адамның жан дүниесімен қоса сыртқы айнала қоршаған экономикалық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты екендігінің шындығын айтады.
Абай – кемеңгер! Бүкіл халықтың бетке ұстар данышпаны. Сондай-ақ, Абай көзі тірісінде өзінен кейінгі өнерлі ұрпақты әдебиетке, поэзияға жетелеген өрелі Ұстаз, Хәкім!
Кешегі мылқау күш, күңгірт дүниеде жалын болып жанып, жарқ етіп сөнген Абайдай адал жанға біздің айтарымыз- қабыл аламыз асыл сөздеріңізді, көздің қарашығындай сақтаймыз. Дүиежүзі классиктері мен орыс классиктерінен қалай үйрену өрнектерін әуелі сізден үйрендік. «Әкенің баласы болма, адамның баласы бол- адам баласы бауырың» деген өсиетіңізді көкіректе нық сақтаймыз. 
                                                                                         

                                                                               Баймуханова Гулмиран Абилханонва
                                                                                қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                                                                            Мичурин орта мектебі Қостанай ауданы

Категория: Новости | Добавил: Romario
Просмотров: 203 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar