Суббота, 18.05.2024, 23:13
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Категории раздела
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 36
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Файлы » Методическая работа » Методическая работа

Районный семинар учителей казахского языка и литературы
16.02.2016, 14:32

                                                  Көңілден шыққан семинар

     «Еліміздің ертеңі  бүгінгі жас ұрпақтың қолында ,жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.»   Н.Ә. Назарбаев

               Биылғы 2015 жылдың   20 қазанында «Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Мичурин ОМ»ММ «ОЖСБ және ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға Затобол ауданы  аудандық білім бөлімінің әдіскері Абдигамидова Райхан Нарымовна бастаған   бір топ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып ,тәжірибе алмасты.Барлық  қатысушылардың саны –37 .

Семинардың мақсаты – жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде  қол жеткізуі, білім берудің сыртқы  тәуелсіз бағалау жүйесін құру.Семинар қонақтарды қабылдаудан басталды.  Келген қонақтарды  мектептің 10- сынып оқушылары жылы лебізбен қарсы алып «интервью»  жүргізді.

             

Смирнова Каролина, Иванова Валерия, Хаматнуров Владислав, Юрк Юра   сырттан келген семинарға 

қатысушыларға:  Қазақ тілі мемлекетті тіл. Сіздің мектебіңізде мемлекеттік тілді дамытуда қандай қызықты іс- шаралар өткізіледі? Біз қазақ тілінен ҰБТ-да жоғары ұпай жинаймыз. Ұпайлардың саналмайтынын сіз дұрыс деп санайсыз ба? 9- сыныпта оқу жетістіктерін сырттай бағалау керек пе? Сіздің ойыңыз? Сіздің пікіріңіз?- деген сияқты  сұрақтарды қазақ тілінде қойып ,оған  жауап ала білді. Іс-шаралар екі бөлімнен тұрды.

І бөлім  теория.« SMART  мақсат, критериалды бағалау- сапалы білім негізі»тақырыбында коучинг өткізіп, ұстаздар қауымына жақсы әсер қалдырды. Коучингтің негізгі мақсаты: мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету. Коучингті жүргізушілер: бастауыш сынып мұғалімдері: Ахметова Шолпан  Бурабаевна мен  Тулекина Ханзада Сариновна.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Альмагамбетова Майра Кадильбековна: «ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында тәжірибе алмасу жұмысын жүргізді.ҰБТ өткізудің  негізгі қажеттілігі, ҰБТ-ның мақсаты, ҰБТ нәтижесіне нелер әсеретеді?Диагностикалық,практикалық,синтетикалық (анықтаушылық) кезеңдер бойынша келген қонақтармен тәжірибе алмасып, ой бөлісті.

ІІ бөлім практика.   Бүгінгі мұғалім:-ата-ана,- бала бағбаны,- қоғам қайраткері. Мұғалім –оқытушы. Мұғалім-ұстаз.Мұғалім-оқулық авторы. Мұғалім- технолог. Мұғалім- жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Мектеп мұғалімдері қашанда  жаңалықтың жаршысы. Екінші бөлімде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері ашық сабақтар жүргізді. Жалпы мектебімізде 6  қа

зақ тілі мамандары бар . Мамандардың барлығы да жоғары білімді, еңбек өтілдері жиырмадан жоғары, біліктілік санаттары  жоғары, бірінші,екінші  санатты .

                             

Мичурин  орта мектебінің ұжымы ауданның  әр жерінен келген ұстаздар қауымына жылы шырай танытып, өздерінің мол тәжірибелерін биік дәрежеде көрсете алды. Бұл орайда сабақ жүргізген мұғалімдерді атап өткенді жөн көрдім.11- сыныпта сабақ жүргізген  жоғары  санатты мұғалім Аитова Зейнеп Балтабековна лексикалық,грамматикалық тақырыптарда «Қазақстанның жер аймағын аралаймыз», «Сан есімді қайталау»атты ашық сабақ жүргізсе,

Ермагамбетова Назгүл Сапарбековна мен Демеева Динара Абдибековна 6-сыныпта лексикалық,грамматикалық тақырыптарда: «Сыйлық»,«Шырайлар» жайында панарамалық сабақ,  8 «ә» сыныбында Баймуханова Гулмиран Абилхановна «Толықтауыш» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. 

Ашық сабақ жүргізуші пән мұғалімдері жаңа технология негізінде әр түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаланумен қатар, өздерінің шеберліліктерін таныта білді. «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші менің есімде қалады; өзіме істетші- мен сонда түсінемін» деген  қытай даналығының қанатты сөзі негізінде оқушыларға жаңа сабақ презентация бойынша көрсетіліп,әрі қарай өздері түсініп орындау мақсатында  бірнеше сыныптық тапсырмалар жүктелді.

      Қорытындыда семинар жұмысы туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  ретінде  жинақтап өттім. Семинар аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеті әдіскері:Абдигамидова Райхан Нарымовна  мен мектеп директоры Ақсауытова Ажар Жансултановнаның қорытынды сөздерімен аяқталып,мұғалімдермен кері байланыс орнатылып,  қатысушылар өз пікірлерін білдірді.Мектеп директоры Ажар Жансултановна мектебіміздегі бірнеше мұғалімдердің республикалық  деңгейде оқуға барғандығын, соның нәтижесінде бүгінгі ұрпақты біліммен қаруландыруда ұстаздардың аянбай еңбек жасап жатқандықтарын және де мектептегі ұстаздарға да оқып келгендерін үйрету ісімен шұғылданатындығын айтты. Бүгінгі жоғары деңгейде өткізіліп отырған семинар соның басты айғағы екенін атап өтті

    Әріптестеріміз балалардың іс-әрекет, дағдыларының  жақсы қалыптасқандықтарын байқағанын айтып және семинарда көрсетілген барлық іс-шараның тиімділігін, алған әсерлерін ортаға салды.Өткізілген іс-шаралардың бір –бірімен байланысы, семинардың мақсатын айқындап көрсете білді, маңыздылығын, өзектілігін ашты,әрі нәтижелі, сәтті өтті деген баға берілді.Көптеген жақсы-жақсы  ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Тілектер де аз болмады.

                                                                                            Мичурин ОМ

.                                                                                    Директордың оқу ісі

                                                                                 жөніндегі орынбасары: 

                                                                                  Майра Альмагамбетова 

 

 

 

 

 

Категория: Методическая работа | Добавил: Romario
Просмотров: 373 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar